Универсиада-2023: Ел қоржынына сегізінші медаль түсті
Кезекті жүлдені биатлоншы Александр Мухин сыйлады
Фото: sports.kz
Фото: sports.kz
22.01.2023 08:13
2262
АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Универсиадада биатлоншы Александр Мухин ел қоржынына сегізінші медальды әкелді, деп хабарлайды El.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Мухин масс-стартта екінші болып, «күмістен» алқа тағынды. Ол жеңіс межесіне 24,8 секунд қалыс қалды. «Алтынды» француз Аксель Гарнье иеленді. Қола жүлде норвегиялық биатлоншы Эрьян Мосенгке бұйырды.
Биатлон. ерлер
Масс-старт. 15 шақырым
- Аксель Гарнье (Франция) — 39:53.7 (1+0+0+0)
- Александр Мухин (Қазақстан) — +24.8 (0+2+2+0)
- Эрьян Мосенг (Норвегия) — +32.3 (0+2+2+1)
- Кирилл Бауэр (Қазақстан) — +53.6 (0+0+2+0)
- Вадим Куралес (Қазақстан) — +1:13.5 (0+1+2+1)
- Бекентай Тұрлыбеков (Қазақстан) — +4:23.5 (1+2+3+1).
Бөлісу:
