Жаңалықтар

Үндістанда нөсер жауыннан 70-ке жуық адам қаза тапты

Үндістанда нөсер жауыннан 70-ке жуық адам қаза тапты
Фото: © AFP 17.08.2023 02:36 640

Үндістанның солтүстігінде нөсер жауын салдарынан болған апаттан кемінде 66 адам мерт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, осыған дейін 50 адамның құрбан болғаны айтылған. Үндістанның солтүстік Химчал-Прадеш және Уттаракханд штаттарына жексенбі мен дүйсенбі күні мол көлемде нөсер жауын жауып, соның салдарынан көшкін жүріп, үйлер қирады.

Әсіресе Химачал-Прадеш шттында көп адам көз жұмды. Бұл өңірде сәрсенбі күнгі мәліметтер бойынша 60 адамның мерт болғаны белгілі. Шимала штатында жауыннан храмның ғимараты бүлініп, 12 адам мерт болған. Қалада табиғат апаты салдарынан барлығы 20 адам көз жұмған. Көршілес Уттаракханд штатында кемінде 6 адам мерт болып, тағы жетеуі іздестірілп жатыр.

Жауын мөлшерінің көптігіне байланысты аталған екі шататтағы жолдардың кейбір бөлігі жабылды. Жергілікті билік өкілдері туристерге жақын күндері бұл жерге бармау керектігін ескертті. Метеорологтар өңірде күн 19 тамызға дейін жаңбырлы болады деп болжап отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға