Жаңалықтар

Үндістанда көпір құлап, 17 жұмысшы көз жұмды

Үндістанда көпір құлап, 17 жұмысшы көз жұмды
Фото: edition.cnn.com 23.08.2023 17:31 919

Үндістанның солтүстік-шығысындағы Мизорам штатында салынып жатқан көпір құлап, 17 жұмысшы қаза тапты, тағы бірнеше адам жарақат алды. Бұл туралы CNN-ге сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлады.

Қазіргі уақытта БРИКС саммитіне қатысу үшін ОАР-ға аттанған ел премьер-министрі Нарендра Моди оқиғадан көз жұмғандардың отбасыларына көңіл айтты.

Ел билігі қаза тапқандардың жақын туыстарына шамамен 2500 доллар және зардап шеккен жұмысшыларға 600 доллар төленеді деп мәлімдеді.

Бұған дейін маусым айында да салынып жатқан көпір құлаған. Бихар штатында Ганг өзені арқылы салынып жатқан төрт жолақты бетон көпір бір жылда екінші рет опырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға