Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди БҰҰ-ны таратуды ұсынды
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди G7 отырысында сөйлеген сөзінде БҰҰ бұдан былай қақтығыстардың алдын ала алмайтынын айтты. Бұл туралы The Economic Times-қа сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сондай-ақ Модидің пікірінше, ұйым қазіргі шындықты көрсетпейді.
Әртүрлі форумдарда бейбітшілік пен тұрақтылық туралы не үшін айтуымыз керек екенін талдауымыз қажет. Бейбітшілікті сақтау мақсатында құрылған БҰҰ бүгінде неліктен қақтығыстардың алдын ала алмай отыр? - деді Моди.
Оның айтуынша, БҰҰ мен оның Қауіпсіздік кеңесі қазіргі әлемнің шындығын көрсетпейді және «Жаһандық оңтүстікке» құлақ аспай, тек «сөйлеуші» ретінде қалып отыр.
Неліктен БҰҰ-да терроризмнің анықтамасы қабылданбады? Егер талдау жасайтын болсақ, бір нәрсеге анық көз жеткіземіз: өткен ғасырда құрылған институттар ХХІ ғасыр жүйесіне сәйкес келмейді, - деді саясаткер.