Жаңалықтар

Үндістан халқының саны бойынша Қытайды басып озды

Үндістан халқының саны бойынша Қытайды басып озды
Фото: Pixabay.com 18.04.2023 10:20 1243

Үндістан – әлемде халық саны ең көп қоныстанған ел, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үндістан Қытайды артқа тастап, әлемде халқы ең көп қоныстанған елге айналды.

Market Watch мәліметінше, Үндістан тұрғындарының саны 1 425 782 975-ке жетті, ал Қытайда халық саны – 1 425 744 008.

Үндістанның экономикалық әлеуеті мол, себебі елде 100 еңбекке қабілетті тұрғынға еңбекке жарамсыз 47 адамнан келеді.

Үндістан билігі жаңа реформаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр, онда халықты жұмыспен қамту мәселесі, әйелдердің қызметке араласуына мүмкіндік жасау жағы қарастырылған. Ал оларды жүзеге асыруға Дүниежүзілік банк көмектеспек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға