UMAI Ұлттық сыйлығының жүлде қоры аталды
Сыйлық 4 бағыт бойынша беріледі
Фото: kaznovosti.kz
Фото: kaznovosti.kz
14.08.2022 07:35
1035
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев UMAI сыйлығы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz.
Ұлттық сыйлықтың жалпы жүлде қоры 54 млн теңгені құрайды. Сыйлық: театр өнері, музыка өнері, хореография өнері, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер сынды 4 бағыт бойынша беріледі және 19 аталымды қамтиды.
Әр номинацияның жеңімпазы 2 млн теңге және "Үздік музыкалық-драмалық спектакль" және "Үздік балет спектаклі" номинацияларының жеңімпаздары 10 млн теңге алады. Министр жақын арада министрлік тарапынан бұл туралы толық ақпарат ұсынылатынын атап өтті.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ақтауда дизель тапшы
Келесі жаңалық
Өскеменде көпірдің астынан ер адамның мәйіті табылды