Жаңалықтар

Ұлытаулықтардың орташа жалақысы 471 мың теңге - Берік Әбдіғалиұлы

Ұлытаулықтардың орташа жалақысы 471 мың теңге - Берік Әбдіғалиұлы
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 20.11.2023 13:51 1360

Орташа айлық жалақы 471 300 теңгеге дейін өсті, бұл орташа республикалық деңгейден 1,3 есе жоғары, республика бойынша 3-орын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиев айтты. Сондай-ақ оның сөзінше, тұрғын үй салу бойынша өсім байқалады.

Өңірде тұрғын үйді пайдалануға беру 54%-ға, негізгі капиталға инвестициялар 22%-ға, көлік пен сауданың тиісінше 4%-ға өсуі байқалады. Жалпы, жыл қорытындысы бойынша бізде негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика күтілуде. Алға қойылған міндеттерге қол жеткізудің негізгі құралдарының бірі өңірдің қаржылық өзін-өзі қамтамасыз етуі. Бүгінгі таңда облыстық бюджет 144,5 млрд теңгені құрайды. Салық базасын кеңейту және республикалық бюджеттен трансферттерді тарту арқылы көрсеткіштер бастапқы бекітілген бюджетпен салыстырғанда 28%- ға өсті. Бұл ретте жыл басынан бері өз кірістеріміз 36 млрд теңгеден 46,5 млрд теңгеге дейін ұлғайды, - деді Ұлытау әкімі

Айта кетейік, мемлекеттік бюджет жоспары 201,1 млрд теңге, факті 195,7 млрд теңге (орындалмауы 2,7%), оның ішінде: РБ жоспары 132,4 млрд теңге, факті 121,4 млрд теңге, ЖБ жоспары 68,7 млрд теңге, факті 74,3 млрд теңге (асыра орындалуы 8%-ға). Осылайша, өңірдің барлық салық түсімдерінің 63%-ы республикалық бюджетке түседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға