Жаңалықтар

Ұлытаудағы жылу проблемасы өзекті болып отыр

Ұлытаудағы жылу проблемасы өзекті болып отыр
Фото: © ОКҚ 20.11.2023 13:40 752

Ұлытау облысында ЖЭО-ның 58%-ы тозған. Бұл туралы Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы проблеманың әсерінен жаңа тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруға, өнеркәсіп пен шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік болмай отыр

Жылумен жабдықтау мәселесі баса назар аударуды қажет етеді. Бүгінгі таңда облыс орталығында жылу энергиясының тапшылығы 120 Гкал/сағ құрайды. Қолданыстағы ЖЭО-ның және жылу желілерінің тозуы 58%- ды құрайды. Бас жоспар аясында қала кеңейіп, болашақта бұл жылу энергиясының одан да үлкен тапшылығына әкеледі. Осыған байланысты, біз бірінші кезекте ауылдық жерлерде тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатырмыз. Нәтижесінде облыс орталығында жаңа – 2-ші ЖЭО құрылысына қажеттілік бар. Ол үшін ТЭН әзірлеу мәселесі. қарастырылып жатыр. Жылумен жабдықтау сапасын жақсарту мәселелері кезең-кезеңімен шешіліп жатыр, - деді әкім.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы облыс тұрғындарын 20 миллионыншы тұрғынның өмірге келуімен құттықтағанын жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға