Ұлытаудағы шахта апатына байланысты үкіметтік комиссия құрылды

Ұлытау облысында шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында шахтаның опырылуының себептерін анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету үшіні арнайы комиссия құрылды.
Комиссияны Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарды.
Вице-премьерге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру үшін оқиға орнына шұғыл бару тапсырылды.
Еске салсақ, 17 ақпанда "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі "Жомарт" кенішінде 640 метр тереңдікте тау жынысы опырылып, 7 жұмысшы үйінді астында қалды. Сондай-ақ үйінді астында қалған жұмысшылардың аты-жөндері белгілі болды.
