Ұлытауда жүргізушінің көлігінен қару мен киік еті табылды
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
31.01.2023 19:56
906
Қаражал қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері 43 жастағы азамат тізгіндеген көлікті тоқтатқан, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көлік ішінде 39 және 43 жастағы екі азамат болған. Көліктің жүк салғышынан 5 киіктің еті мен 16 калибрлі ИЖ-18ЕМ тегіс ұңғылы мылтығы табылды.
ҚР ҚК-нің 339-бабы «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Конвергентті журналистика шығынды азайтады - Ерболат Мұхамедхан
Келесі жаңалық
Ақтауда қатты желден жарық сөніп қалды