Жаңалықтар

Ұлытауда құтқарушылар Кеңгір су қоймасында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде

Ұлытауда құтқарушылар Кеңгір су қоймасында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде
Фото: Видеодан кадр 27.03.2025 23:15 451

Ұлытау облысында Кеңгір су қоймасы маңында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖД құтқарушылары мұздың еруіне байланысты ықтимал оқиғалардың алдын алу үшін жұмылдырылған. Сонымен қатар санитарлық іс-шаралар жүргізілуде: ақпан айынан бері 660-тан астам киік ұшасы жойылды. Бұл жұмыстарға ТЖД, аумақтық инспекция, «Охотзоопром» және Жезқазған қаласы әкімдігінің қызметкерлері қатысуда.

Министрлік мәліметінше, 24–26 наурыз аралығында 110 өлексенің көмілуі қамтамасыз етіліп, тиісті актілер толтырылған.

Мамандар аумақты тазарту жұмыстарын жалғастыруда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға