Ұлытауда мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен 7 адам табылды
![Ұлытауда мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен 7 адам табылды Ұлытауда мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен 7 адам табылды](/storage/storage/element/2023/03/14/mainphoto/41473/1200xauto_aS8WtK1jF7SKe8KnlKYLaCjOAL6PT3fTdv5H4PNW.jpg)
Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ
14.03.2023 17:35
939
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында жоғалып кеткен 7 адам табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлытау облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органның күштері және құралдарымен жоғалып кеткен 7 адам табылды. Ведомство мәліметінше, олар 11 наурызда мал іздеуге екі көлікпен шығып, адасып кеткен.
Іздеу жұмыстарына Ұлытау облысы ТЖД жеке құрамынан 5 адам және 1 бірлік техника тартылды. Жоғалған адамдар "Өлке" қыстағынан табылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Президент әскери полиция туралы заңға қол қойды
Келесі жаңалық
Жетісу облысының құтқарушылары туристерге көмекке барды