Жаңалықтар

Ұлытауда 212 млн теңге жергілікті бюджетке қайтарылды

Ұлытауда 212 млн теңге жергілікті бюджетке қайтарылды
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 19.04.2025 15:52 126

Ұлытау облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Жезқазған қаласы әкімдігінің қызметінде экологиялық заңнаманың сақталуына тексеру жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тексеру барысында 2024 жылы Экология департаменті полигонда экологиялық талаптарды бұзғаны үшін Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне 212 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салғаны анықталды.

Бұл айыппұл заңсыз салынған, себебі 2020 жылдан бастап 2024 жыл аралығында полигон сенімгерлік басқаруға берілген және экологиялық заңнама талаптарын сақтау міндеті сенімгерлік басқарушыға жүктелген.

Осыған байланысты табиғат қорғау прокуратурасының наразылығы негізінде сот әкімшілік іс жүргізуді тоқтатты.

Нәтижесінде жоғарыда аталған қаражат жергілікті бюджетке қайтарылып, алдағы уақытта Жезқазған қаласы тұрғындарының қажеттіліктеріне бағытталатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға