Жаңалықтар

Ұлытау облысындағы жағдай тұрақты

Ұлытау облысындағы жағдай тұрақты
Фото: Видеодан кадр 12.04.2024 00:59 633

Бүгінгі таңда облыс аумағындағы 25 гидротехникалық құрылым штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидрометтің деректеріне сәйкес, гидропосттарда су деңгейінің жалпы төмендеуі және өзен сулары өз арнасымен толық жүруі байқалуда. Ұлытау облысы ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Абиль Уразов Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте өңірдегі жағдай туралы баяндады.

Аавтожолдардың 6 учаскесінде су тасу жағдайлары тіркелді. Оның ішінде 1 учаскедегі жолдардың су тасу жағдайы бақылауда қалады: облыстық маңызы бар (Қаражал-Атасу). Сонымен қатар 6 учаскедегі автожолдардың шайылу жағдайы орын алды. Оның ішінде 2 учаскедегі автожолдардың шайылуы бақылауда қалады: облыстық-1 («Жезді-Қоскөл»); – аудандық-1 (Қорғасын).

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жағдайының күрделенуіне байланысты 8 сәуірде Ұлытау облысының ТЖД жеке құрамынан 33 адам, 4 бірлік техника, 5 бірлік мотопомпа және 3 бірлік жүзу құралдары Есіл ауданына қарасты Бірлік, Петровка, Покровка ауылдарында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде. 122 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды оның ішінде екеуі бала, 112 бас ірі қара және ұсақ мүйізді мал қауіпсіз жерге шығарылды, - деді спикер.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға