Ұлытау облысында жолаушылар пойызы 6 жылқыны қағып кетті
Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
04.02.2023 18:00
2061
4 ақпан Манадыр-Жомарт аралығында Алматы-Жезқазған жолаушылар пойызының машинисі теміржол жолдарында жайылып жүрген жылқыларды байқап, соқтығысуды болдырмауға тырысып, шұғыл тежеуді қолданғаны туралы хабарлаған. Бірақ соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады. Нәтижесінде пойыз 6 жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жоспарсыз пойыз тұрағы 8 минутты құрады.
Аталған факті бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Үй жануарларының иесі болып табылатын 59 жастағы жергілікті тұрғын анықталды.
Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі “Темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу” бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жамбыл облысында екі балықшы мұз астына түсіп кетті
Келесі жаңалық
Алдағы аптада спортшыларымыз қандай жарыстарда бақ сынайды