Ұлытау облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды
![Ұлытау облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды Ұлытау облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды](/storage/storage/element/2023/07/28/mainphoto/61480/1200xauto_EI0x3vtaGH51TZMt1md8HCH0ogyfwfU0CzwDiAZf.jpg)
Фото: © Polisia.kz
Фото: © Polisia.kz
28.07.2023 09:00
633
Ұлытау облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 27 шілде сағат 15:20 шамасында Жезқазған-Қарағанды тас жолында болған. ҚР ІІМ мәліметінше, Toyota 30 автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысты.
Салдарынан Toyota-ның жүргізушісі мен 4 жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - делінген мәліметте.
Полиция көлік жүргізушілерінің жолдағы сақтық шараларын естен шығармауды ескертеді.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Компьютерде жұмыс істегенде, көзді қалай қорғау керек
Келесі жаңалық
Елімізде ең беделді IBO-2024 халықаралық олимпиада басталды