Ұлытау облысында үйінді астында қалған жеті кеншінің аты-жөні жарияланды

Фото: ©El.kz/Марина РУЗМАТОВА/ChatGPT
Фото: ©El.kz/Марина РУЗМАТОВА/ChatGPT
18.02.2025 12:21
736
Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы "Қазақмыс" корпорациясының "Жомарт" кенішінде қаза тапқан кеншілердің тізімі пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайтыс болған кеншілердің тізімі:
- Қайрат Аманбекұлы Ақшалов, 1975 жылы туған, сорғы қондырғыларының машинисі;
- Ардақ Боранбайұлы Жақұбаев, 1998 жылы туған, жер асты учаскесінің тау-кен шебері;
- Бақытбек Нышанұлы Жұмаділлаев, 1975 жылы туған, жер асты кен жұмысшысы;
- Орынбек Әмірханұлы Кенжебеков, 1991 жылы туған, тиеу-тасымалдау машинасының машинисі;
- Ғалымжан Есенбекұлы Молдабеков, 1978 жылы туған, шпур бұрғылаушының көмекшісі;
- Олжас Жағалбайұлы Нұрұлдаев, 1979 жылы туған, жер асты учаскесінің энергетигі;
- Константин Владимирович Рожков, 1992 жылы туған, жер асты тау-кен қазу жабдықтарының электрослесарь-монтаждаушысы.
Құтқару жұмыстары барысында барлық жеті кеншінің денесі табылып, жер бетіне шығарылды. Қайтыс болғандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетілетіні хабарланды. Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Елордада «Цифры сот орындаушысы» тімділігін көрсетті