Жаңалықтар

Ұлытау облысында тұрмыстық қалдықтар полигоны салынады

Ұлытау облысында тұрмыстық қалдықтар полигоны салынады
Фото: ©Pixabay.com 26.03.2025 12:17 401

Ұлытау облысында қағаз, пластик және резеңке өңдеу цехын және қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Дастан Рысбеков мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, жалпы құны 840 млн теңгені құрайтын жобаны жеке инвестор жүзеге асыруға ниетті. Ол өз қаражатынан 134 млн теңге бөледі және Өнеркәсіпті дамыту қоры мақұлдаған лизингтік қаржыландыру шеңберінде 705 млн теңге тартады.

Қазіргі уақытта жобаны іске асыру үшін облыс басшылығы ауданы 16 га жер телімін бөлді. Сондай-ақ суды пайдалануға және электрмен жабдықтауға арналған техникалық шарттар берілді.

Жаңа кешен жылына 50 мың тоннаға дейін қалдықтарды қайта өңдеп, кәдеге жарата алады деп күтілуде. Бұл өңірдегі экологиялық жағдайды едәуір жақсартады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға