Ұлытау облысында тепловоз бен локомотив соқтығысты

Фото: ҚТЖ
Фото: ҚТЖ
16.10.2024 09:08
657
Оқыс оқиға кезінде локомотив бригадалары орташа жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі таратқан мәліметінше, 15 қазанда сағат 10:10-да Сарысу разъезі маңындағы жеке жолдарда жеке меншікке тиесілі тепловоз бен локомотив соқтығысқан. Нәтижесінде бес бос вагон мен тепловоз аударылды.
Оқиға басқа пойыздар қозғалысына және магистральдық желі жұмысына әсер етпеген.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бейбіт Жұқаев Алматы турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысында жоғалған малшы аман табылды