Жаңалықтар

Ұлытау облысында су тасқынынан соң қозғалған қылмыстық істерге қатысты мәлімдеме жасады

Ұлытау облысында су тасқынынан соң қозғалған қылмыстық істерге қатысты мәлімдеме жасады
Фото: primeminister.kz 30.10.2024 09:55 262

Қаржылық мониторинг агенттігі Ұлытау облысы Табиғи ресурстар басқармасының басшысына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша, сондай-ақ «Жезді өзенін санациялау» жобасы шеңберінде тиісті түрде жұмыс атқармаған тұлғаларға қатысты қылмыстық істерді аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚМА мәліметінше, іс өкілеттігін теріс пайдалану дерегі бойынша қозғалған.

Тергеу барысында құрылыс нормаларының орындалмағаны, сондай-ақ жобалау құжаттамасынан ауытқуларға жол берілгені анықталды, бұл жобалаушы мәлімдеген өзеннің су көлемінің өткізу қабілетін азайтты. Облыстың табиғи ресурстар басқармасының басшысы іс жүзінде жасалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойған. Құрылыс объектісіне бармастан техникалық және авторлық қадағалаушылар да орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойып берген. Лауазымды тұлғалардың аталған қылмыстық әрекеттері ағымдағы жылдың көктемінде төтенше су тасқыны кезінде 10 жеке үйдің суға кетуіне әкеліп соқты, - делінген мәліметте.

Естеріңізде болса, су тасқыны кезінде Ұлытау облысы Жезді кентіндегі 24 жеке үйден 108 адам, оның ішінде 56 бала эвакуацияланды. 

Қылмыстық істің материалдары сотқа жіберілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға