Жаңалықтар

Ұлытау облысында қарулы браконьерлер ұсталды

Ұлытау облысында қарулы браконьерлер ұсталды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 23.08.2024 16:10 478

Ұлытау ауданының аумағында төрт браконьер құрықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, полиция қызметкерлері «Охотзоопром ӨБ» РМҚК инспекторларымен бірлесіп жүргізген рейд шеңберінде бірнеше адамнан құралған браконьерлік топты анықтаған.

Тексеру барысында ұсталғандардан «Урал» маркалы екі мотоцикл, 15 ақбөкен еті, 29 дана кесілген мүйіз, 2 бірлік тегіс ұңғылы қару табылды. Ұсталғандар 44-53 жас аралығындағы көрші облыстың тұрғындары болып шықты, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға