Жаңалықтар

Ұлытау облысында биыл 28 көпқабатты тұрғын үй бой көтереді

Ұлытау облысында биыл 28 көпқабатты тұрғын үй бой көтереді
Фото: El.kz 21.07.2023 12:51 996

Ұлытау облысында биыл 28 тұрғын үй салынады. Оның ішінде қызметтік, жалдамалы, несиеге берілетін үйлер бар. Бұдан бөлек өңірде 47 әлеуметтік нысан бой көтереді деп жоспарланған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылы Ұлытау облысында 1812 жәңа пәтердің кілті тапсырылыуы тиіс. Өңірдің қалалары мен аудандарында жалпы ауданы 120 мың шаршы метрді құрайтын 28 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жоспарланған. Оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 14 көпқабатты тұрғын үй бой көтермек.

Жезқазған қаласында Алашахан және Гагарин көшелерінде 298 пәтерлі 6 тұрғын үй салынады. Ал Сәтбаев қаласында Шаталюк, Құнанбаев және Тәуелсіздік көшелерінде 3 тұрғын үй құрылысы басталған.

Сонымен қатар аудандарда да қарқынды құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Жаңаарқа ауданында 5 тұрғын үйден келесі жылға дейін 228 пәтердің кілті табысталады деп көзделіп отыр.

Бұдан бөлек жеке құрылыс салушылармен Жезқазған торабында 4 үйдің және Сәтбаев қаласында 2 тұрғын үй құрылысын бастау жоспарлануда.

Облыс бойынша 5000-нан астам адам баспанаға кезекте тұр. Ол үшін біз қалалық және республикалық бюджеттен ақша сұратып жатырмыз. Республикалық бюджеттен 7 несиелік үй салуға өтінім өткізіп қойдық. Қазір соны күтіп отырмыз. Одан бөлек жеке кәсіпкерлердің салып жатқан үйлері бар, - деп мәлімдеді Ұлытау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының м.а. Бақтияр Пардабеков.

Сондай-ақ, биыл Президенттің тапсырмасына сәйкес орталық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бөлімшелеріне орналастырылған мемлекеттік қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін ҚР Үкіметінің резерві есебінен 11 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын бастау жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға