Жаңалықтар

Ұлытау облысында әлеуметтік мекеме басшысы зейнеткерлер мен мүгедектерді тонап келген

Ұлытау облысында әлеуметтік мекеме басшысы зейнеткерлер мен мүгедектерді тонап келген
Фото: Pixabay.com 14.04.2023 09:24 1069

Ұлытау облысындағы әлеуметтік мекеме басшысы мен қызметкерлерінен құралған топтың заңсыз әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚМА таратқан ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта жалпы сомасы 12 миллион теңгеден астам аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Әлеуметтік мекеме, сондай-ақ сотталушылардың тұрғылықты мекен-жайларын тінту кезінде қариялардың 799 000 теңге көлеміндегі зейнетақы төлемдері, оларға тиесілі банк карталары, сондай-ақ аталған тұлғалардың қылмыстық әрекеттерін дәлелдейтін басқа да заттар мен құжаттар тәркіленді», - делінген мәліметте.

Мекеме басшысы тергеуге кедергі келтіріп, қылмыстың ізін жасырмақ болған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сот 2 айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға