Ұлытау облысында 2500 гектар жер өртенді

Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com
27.07.2023 21:02
757
26 шілдеде сағат 16:47-де Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының Шалғия кентінен батысқа қарай 20 км жерде құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық ТЖД мәліметінше, өрт аумағы 2500 гектарды құрады.
Оқи отырыңыз:
- Астанада автобус жүргізушісінің жүрегі жұмыс үстінде тоқтап қалды
- Оралда 64 жастағы ер адам көп қабатты үйден секіріп кетті
Өртті сөндіруге Ұлытау облысы ТЖД өрт сөндіру қызметі мен жергілікті атқарушы органдарының күштері мен құралдары жұмылдырылған.
Өртті 17 адам мен 4 бірлік техника сөндірді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда, - делінген мәліметте.
Ұлытау облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
«Оператор РОП-тың» бұрынғы құрылтайшысы экстрадицияланды
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті