Жаңалықтар

Ұлытау облыстық ТЖД 11 техникамен толықты

Бұл туралы Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті
Ұлытау облыстық ТЖД 11 техникамен толықты
Фото: gov.kz 12.12.2022 21:02 1333

Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Жезқазған қаласының Алаш алаңында ТЖ департаментіне түрлі мақсаттағы құтқару техникасының кілттерін салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа құтқару техникасы ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, өрттерді жоюға және азаматтарды құтқаруға көмектеседі.

Оның ішінде республикалық бюджет есебінен 6 өрт сөндіру автоцистернасы сатып алынды.

Сонымен қатар, Ұлытау гарнизонын күшейту үшін Астана қаласы және Қарағанды облысы ТЖД түрлі функционалдық мақсаттағы 5 бірлік техниканы (автоцистерналар, жерүсті көлігі, автобус, автокран) берді.

"Халық достығы мен мәдениеті үйінде" Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті үшін Туды салтанатты түрде тапсыру және ТЖД офицерлер құрамына атақтар тапсыру рәсімі өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға