Ұлытау мен Қызылорда облыстарында жол ашылды

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
09.02.2025 15:29
465
2025 жылғы 9 ақпанда сағат 16:00-де келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы ашылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлытау облысы:
- "Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті" автожолының 216-424 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазған қаласына дейін).
Қызылорда облысы:
- "Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті" автожолының 12-216 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қызылорда қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейін).
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық хоккейші қыздар Оңтүстік Кореядан басым түсті
Келесі жаңалық
Бурабайда жеке монша өртенді