Жаңалықтар

Ұлын өлтіріп, денесін чемоданға салып қоқысқа тастаған әйелге сот үкімі шықты

Ұлын өлтіріп, денесін чемоданға салып қоқысқа тастаған әйелге сот үкімі шықты
Фото: Telegram 18.03.2025 18:11 434

Пермь қаласында 9 жасар ұлын өлтіріп, денесін чемоданға салып қоқысқа тастаған 35 жастағы Ирина Шатова 18 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шатова коллекторлардың қысымына шыдай алмаған. Ол 50 миллион рубль қарызы болғандықтан, ауыр күйзеліске түскенін айтты. Бала қайтыс болғаннан кейін, өзін өлтіруді жоспарлап, 25-қабатқа көтерілгенімен, ата-анасы қарызын өтей алмайтынын ойлап, райынан қайтқан.

Тергеу барысында әйелдің баласына патологиялық тәуелді болғаны анықталды. Ол ұлын ешқайда жібермей, балабақша мен мектепке баруға тыйым салып, құрдастарымен араласуына мүмкіндік бермеген.

Сот процесі кезінде Шатова істеген ісіне өкінетінін айтты. Бүгін сот оны 18 жылға қатаң режимдегі колонияға қамау туралы үкім шығарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға