Жаңалықтар

«Ұлыммен ақылдастым». Айгүл Иманбаева тұрмысқа шыққанын растады

«Ұлыммен ақылдастым». Айгүл Иманбаева тұрмысқа шыққанын растады
Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva 22.08.2024 14:46 4328

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева «Мамский әңгіме» подкастында тұрмысқа шыққанын растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі болашақ күйеуімен шетелде оқуда жүрген кезінде танысқан.

Мен күнделік жазамын. Күйеуімнің ойынан бастап, бойына дейін қандай адам болатынын жазып қойғанмын. Дәл сол орындалып кетті. Үнемі таныстарыма «Менің тойым шетелде болады. Төлқұжаттарыңды дайындаңдар» деп айта беруші едім. Сол да орындалайын деп тұр, – деді әнші.

Сөзінше, күйеуі 10 жылдан бері Америкада тұрады.

Қызы Лондонда оқиды. Өзім секілді ажырасқан жігіт. Тағдырымыз ұқсас болып тұр. 1977 жылы дүниеге келген. Найман руының жігіті. Бірақ менен алты ай ғана кіші. Ортақ достарымыз арқылы таныстық. Ең алғаш көргенде «мына жігітті 15 жыл бұрын түсімде көрдім» дедім. Телефон алмастық. Менің әртіс екенімді білмейтін болып шықты, - деді Иманбаева.

Ол сүйіктісі ұсыныс жасағанда бірінші кезекте ұлымен ақылдасқанын айтты.

Күйеуім ұсыныс жасағанда, ұлыма бірінші хабарластым. Оның да жанына менің жалғыз жүргенім бататынын сезетін едім. «Мама, оның бойында ешқандай комплексі жоқ. Өзіне не қажет екенін біледі, ақыл тоқтатқан, білімді адам. Маған Ерлан аға ұнайды. Бақытты болыңыз» деді. Содан Америкада палестиналықтардың мешітінде некеміз қиылып, бас қостық, - дейді әнші.

Айгүл Иманбаева мәһрге көлік сұрағаны да жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға