Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі еліміздің көне жазба мұраларымен танысты
Фото: Сыртқы істер министрлігі
Фото: Сыртқы істер министрлігі
19.01.2024 21:32
1126
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығына Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич арнайы келіп, еліміздің көне жазба мұраларымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуде тараптар бірлескен іс-шараларды өткізу, Ұлыбритания мен Қазақстанның ортақ мәдени ынтымақтастықты дамыту жолдары мен жазба мұраларды анықтау, қалпына келтіру, сақтау мәселелерін талқылады.
Елші Ұлттық орталықтың мәдени мұраны дамытуға қосқан үлесін айрықша атап өтіп, орталық жұмысына сәттілік тіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
БҚО-да полиция қызметкерлері 217 ақбөкен мүйізін тәркіледі