Жаңалықтар

Ұлыбританияда компаниялар 4 күндік жұмыс аптасына көшті

Ұлыбританияда компаниялар 4 күндік жұмыс аптасына көшті
Фото: © Pixabay.com 25.02.2024 19:34 883

Британияда компаниялар төрт күндік жұмыс аптасына көшті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы жергілікті сарапшылар мәлімдеді. Қызметкерлердің орташа жұмыс уақыты 7 сағатқа қысқарған. Бұл аптасына 32 сағатқа тең. Зерттеу жұмысына 60-тан астам британдық ұйым қатысқан.

Компания жетекшілері жаңа кесте қызметкердің физикалық және психикалық денсаулығына оң әсер еткенін дәлелдеді. Қатысушылар шаршау мен жұмысқа қатысты ешқандай шағым айтпаған. Мамандар бұл бастама адамдардың жұмыс пен жеке өмірді тең ұстауына мүмкіндік береді дейді. Мұндай заң Шотландия мен Бельгияда да күшіне енді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға