Жаңалықтар

Ұлыбритания Украинаға 3,2 миллиард доллар несие береді

Ұлыбритания Украинаға 3,2 миллиард доллар несие береді
Фото: instagram.com/zelenskiy_official 02.03.2025 13:43 661

Бұл қаражат қорғаныс материалдарын сатып алуға жұмсалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тиісті келісімге Украинаның Қаржы министрі мен Ұлыбританияның Қазынашылық канцлері онлайн-режимде қол қойды.

Айта кетейік, Лондон бөлген қаражат G7 елдерінің Украинаға қолдауға арналған 50 миллиард долларлық шұғыл несиелеу бағдарламасының бір бөлігі.

Бұған дейін Владимир Зеленский Дональд Трамппен кездесу өткізген еді. Тараптар табиғи ресурстар бойынша екі жақты келісімге қол қоюы тиісті еді. Алайда келісімге қол жеткізілмеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға