Ұлыбритания королі ІІІ Карл ауруханаға түсіп қалды

Фото: Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі
Фото: Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі
28.03.2025 11:08
459
Ұлыбритания королі Карл III 27 наурызда ауруханаға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дәрігерлер монархтың жағдайын «қатерлі ісікті емдеудің уақытша жанама әсерлері» деп түсіндірді. The Guardian басылымының мәліметінше, 76 жастағы патша жоспарлы ем-шарадан өткен.
Жүргізілген процедуралардан кейін король Лондондағы Кларенс-хаус резиденциясына оралған. Алайда жұмаға жоспарланған, төрт ресми шараны қамтитын Бирмингемге жұмыс сапары бас күнге шегерілді.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Алаяқтық жасаған қазақстандық Ресейден экстрадицияланды