Жаңалықтар

«Ұлы Жібек Жолымен – 2024» XII халықаралық кітап және полиграфия көрмесі ашылды

«Ұлы Жібек Жолымен – 2024» XII халықаралық кітап және полиграфия көрмесі ашылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі 21.11.2024 03:36 361

Алматыда Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Атакент-Экспо» халықаралық көрме компаниясы ұйымдастырған «Ұлы Жібек Жолымен – 2024» XII халықаралық кітап және полиграфия көрмесі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, іс-шараға Қазақстан, Германия, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Иран елдерінен баспагерлер, полиграфиялық компаниялар мен кітапханалар, сондай-ақ жазушылар қатысуда. Көрменің мақсаты – заманауи кітаптарды кеңінен тарату, отандық кітап ісін нығайту, баспагерлер мен полиграфистер арасында тәжірибе алмасу және ұлттық кітап нарығында отандық өндірушілерді қолдау.

Сонымен қатар, көрме көптеген елдердің баспагерлік, полиграфиялық және кітап сатушы компаниялар арасында мәдени және іскерлік байланыстарды ұлғайтуды, елдер мен серіктес компаниялар арасындағы байланыстарды әрі қарай дамытуды, полиграфия, кітап сату және кітап өндірісіне ең соңғы технологиялар енгізуді көздейді.

Көрме аясында «Атамұра», «Алматыкітап», «Мектеп», «Arman-PV», «Дарын», «Адал Кітап», «Smart University» секілді Қазақстанның жетекші баспаларының жаңадан шыққан кітаптарының тұсаукесерлері өтті. Оның ішінде Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Маралтай Райымбекұлының «Балбалтас» өлеңдер жинағы да бар.

Халықаралық көрме 22 қарашаға дейін жалғасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға