Ұлы Жібек жолы: Түркілерге жібек қалай келді?
Жібек деген сөзді естігенде ең алғаш есімізге Қытай жұрты мен Ұлы Жібек Жолы түсетіні жасырын емес. Иә, жібек матаның негізгі отаны – Қытай. Археологтар тапқан құнды жәдігерлер мен тарихи деректер соны айғақтайды. Қытайдан басталған керуен жолының Европаға дейін таралу барысында жүздеген тауар түрі болғанына қарамастан жібек өнімі әлемдік саудада үнемі сұранысқа ие болып, нәтижесінде бірнеше мыңжылдық тарихы бар керуен жолы осы тауардың атымен аталып, тарихта «Жібек жолы» деген атаумен сақталды. Адамзат тарихында жібек мата мен одан шығатын бұйымдар ерекше орын алып, жібектің өндіріле бастаған уақытынан бастап, бұл өнім әлемдік саудада үлкен қызығушылық тудырды. Ерте және ортағасырлық дүние жүзі тарихында ешбір өнім «жібек» тәрізді әйгілі болып, әлемдік саудада өзіндік із қалдырмаған десек болады.
Жібек матасы қалай пайда болды?
Жібек мата мен тоқыма ісінің ерте кезеңде пайда болуы біздің заманымызға дейінгі кезеңде өркениеттің жетілгендігін көрсетеді, ал осы өркениет орталығын анықтау тарихшылар мен жалпы жұртшылық үшін қызығушылық тудыратын жайт. Жібектің қай жерлерде таралғаны, сауда жолына кімнің үстемдік жүргізгені, қандай сауда бағытының болғандығын анықтау да Жібек жолы тарихында маңызды. Тарихта өркениеттің озық үлгісіне айналып, адамзат мәдениетінің бір бөлігіне айналған жібек матасы жайлы көптеген қызықты деректер бар. Матаның шығу тарихы туралы аңыздар да жетерлік.
Тұт ағаштары мен жібек құрттарын өсіруден, сондай-ақ тоқыма станоктарында жібек маталарын тоқудан бастап, қытайлықтардың ата-бабалары Жібек шаруашылығының дамуына негіз салды. Ежелгі Қытайда Жібек шаруашылығының пайда болуы туралы көптеген мифтер, аңыздар мен жазбаша дәлелдер болған. Өткен ғасырда археологиялық жаңалықтар, соның ішінде Жібек кокондары, Жібек жасау құралдары және неолит дәуіріндегі ежелгі Жібек сынықтары 5000 жыл бұрын Янцзы (Чанцзян) және Хуанхэ өзендерінің аңғарларында Жібек өсіру шеберханаларының жұмыс істегені туралы ғылыми дәлелдер келтірді Жібек ежелгі Қытай өркениетінің басты ерекшелігі болды. "Ерлер егіншілікпен айналысады, ал әйелдер тоқиды" деген ежелгі сөз ежелгі Қытайдағы феодалдық қоғамның тұрақтылығы мен сабақтастығының негізін көрсетеді. Жібектің шығу тегі туралы көптеген мифтер мен аңыздар бар, сонымен қатар жібек құртының құдайлары мен Жібек өсіруді ойлап тапқандарға табыну мен құрбандықтың көптеген түрлері бар.
Кезінде жібек маталарының өте сапалы «К-тай» деп аталатын түрі Азия мен Еуропада аса кеңінен сұранысқа ие болған деседі кейбір деректерде. Кейіннен осы матаның атауымен Хансулар деп талай ғасыр аталып келген жұрт, келе- келе Қытай елі деп атала бастады. Сөйтіп, матаның атауы тұтас бір елдің атына айналған дейді кейбір ғалымдар. Қытайлықтар жібек құртын өсіру, жібек түту әрі кездеме тоқу сияқты өнермен бұдан төрт мың жыл бұрын айналыса бастаған екен. Бұл елде жібек шаруашылығының қалай шыққаны туралы аңыздың бірнеше нұсқасы бар. Ал енді әйгілі матаның өз тарихи отанында қалай пайда болғанына тоқтала кетсек, Қытай аңыздарында ежелде Қытай императорының 14 жастағы келіншегі Си Лин Ши кесесіндегі шайға көбелектін құрты түсіп кеткенін байқайды. Жас келіншек құртты кесесінен ала бергенде ол жылы бу мен ылғалдың әсерінен сөгіліп кетеді. Жіптің кереметі мен жіңішкелігіне таң-тамаша болған ханшайым ең алғашқы жібек матасының пайда болуына куәгер болады. Жары императордың қалауымен Си Лин Ши жібек құрттарының өмір салтын бақылай бастайды. Солай, жас ханшайым жібек матасынының пайда болу әдісімен танысып, өзінің қол астындағыларға да бұл ұлы өнердің қыр-сырларын үйрете бастайды. Қытай халқында Си Лин Ши жібек матаның ұлы ханшайымы және анасы болып есептеледі екен. Міне, қазіргі таңда да өз кереметін жоғалтпаған жібек матасының шығу тарихы мен пайда болуы жайлы аңыз әңгімелер легі осындай. Ерекше еңбекті қажет ететін жібек матасы өзінің жеңіл әрі әдемі көркімен дизайнерлердің керемет киім туындыларын дүниеге алып келуіне арқау болып отыр. Бұл матаны өндірістің қай саласына қолданса да талғампаз жандардың жүрегінен орын алары баршамызға белгілі дүние.
Әлемге қалай таралды?
Ерте Қытай өркениетінің озық жетістігі – Азияның және Европаның өзге тайпалық одақтарында, қала мемлекеттері мен мемлекеттеріне дейін таралды. Жібекті шығару құпиясын қатаң сақтау арқылы Қытай жібек монополиясын ХIII ғ. дейін өз қолында ұстай алды.
Иә, жібек өндірісі алғаш рет Қытай өңірінде бастау алған. ІV мыңжылдықта жібекті қытайлықтардан кейін Жапония, одан кейін Үндістан өндіре бастады деген болжам бар. Мукерджидің ойынша жібек тұтының отаны Үндістанның таулы аймақтары. Оның 1890-1891 жылы жарық көрген еңбектерінде жібекті өндіру тек бір жерде ғана болған жоқ. Санкскрит тіліндегі ежелгі ескерткіштерде жібек туралы ақпарат бар болғанымен, Қытай туралы ешбір мәлімет келтірілмеген. Археологиялық зерттеулерден Үндістандағы жібекті қолданудың басталу мерзімі б.з.д. VI-IV мыңжылдық екендігін байқауға болады, ал одан ерте кезеңді көрсететін археологиялық дәлелдер жоқ, сондықтан жібектің дербес отаны Үндістан елі болды деп кесіп айту киын. Дегенмен Үндістан елінің ежелгі тоқыма ісінің жетістігі – жібек өнімі ежелден таралғандығы және оны қолданғандығы анық.
Сонымен жібек өндірісі Кореяда, одан кейін Жапонияда, Үндістанда, ең соңында Еуропа елдері мен Рим империясында пайда болды. Ғасырлар бойы Жібек жолы жаһандық сауданың шынайы идеясын көрсетті. Жібек жолының сауда жолдары мыңдаған жылдар бойы жасалған. Жапонияда жібек өндіру ІІІ ғасырдан бастап кең ауқымда таралған. Дегенмен Жапон аңыз әңгімелерінде жібек өндіру 1800 жыл бұрын қолға алынған деген мәліметтер кездеседі. Ал деректерге сүйенетін болсақ, жапон императоршасы Иингу Кого ІІІ ғ. Кореяға баса көктеп кіріп, салықты жартылай жібекпен салады. Осы кезеңнен бастап жапондықтар жібек өндіруді үйренген.
19 ғасырдағы индустрияландыру кезінде Еуропаның жібек өнеркәсібі құлдырады. Жапония Қытайдан кейінгі екінші «жібек империясы» болды. Арзан жапон жібегі, әсіресе Суэц каналының ашылуына байланысты, оның жалпы құнын төмендетуге көптеген факторлардың бірі болды.
Екі дүниежүзілік соғыс Жапониядан шикізат жеткізуді тоқтатты, ал Еуропаның жібек өнеркәсібі тоқырауға ұшырады. Бірақ 1950 жылдардың басында Жапонияда жібек өндірісі қалпына келтіріліп, шикізаттың сапасы жақсарды. Жапония Қытаймен бірге жібек шикізатының әлемдік жетекші өндірушілерінің бірі және іс жүзінде жалғыз болып қала берді.1970 жылдарға дейін негізгі экспорттаушы.
Қытай жібек өндірісі мен шикі жіп экспорттауы бойынша әлемдік көшбасшы ретіндегі позициясын біртіндеп қайта анықтап, жібек тарихы өзінің бумеранг принциптерін ұстанатынын дәлелдеді. Бүгінде дүние жүзінде 125 мың тоннаға жуық жібек өндіріледі. Бұл өнімнің үштен екісіне жуығы Қытайдан жеткізіледі. Басқа ірі өндірушілер – Үндістан, Жапония, Корея, Таиланд, Вьетнам, Өзбекстан және Бразилия. Америка Құрама Штаттары жібек өнімдерін ең ірі импорттаушы болып табылады.
Жібекті бағалы тауар ретінде әртүрлі мемлекеттерде қолдану сол елдерде жібекті өздері өндіруге қызығушылықтың артуына әкелді. Жібекке деген сұраныс пен қызығушылықтың жоғары болғаны сонша, біртіндеп мемлекеттер жібек құртын өндіріп, одан жіп пен мата өндіру технологиясын игере бастады.
Түркілерге жібек қалай келді?
Жазушы Бексұлтан Нұржекенің жазуынша, ертеде түркілер жібек матасының қалай жасалатындығынын білу үшін пысық бір жігітті Қытайға сапарға аттандырған көрінеді. Ол барған жерінде қалың шашты бір қызға үйленеді де, оның шашын ұп-ұсақ қырық өрім етіп өргізеді. Сөйтіп әр өрімнің түбіне бір, ұшына бір жібек құртын тығып, сексен жібек құртын Қытай елінен алып өтеді. Міне, дәл осылай түркі халықтары арасында да жібек мата өндірісі қолданысқа ене бастайды.
Л.Н. Гумилевтің «Көне түріктер» атты еңбегінде былай көрсетеді: саудада ең маңызды тауар – жібек болды, ол Европаға Август кезеңінен бастап келе бастады. Византияның жібекке деген сұранысы өте жоғары болатын, себебі сарай мен аристократтардың қажеттілігінен басқа, қосымша әскерді жалдау барысында жібек валюта есебінде саналды. Жібек арқылы Византия Европадан одақтастарды, жалдамалыларды, кез келген тауар мен құлдарды жалдай алатын. Жібек Византияда алтын мен бағалы тастармен қатар бағаланды. Дегенмен Византияны бағалы тауармен қамтамасыз ететін артерия Солтүстік Иран мен сасанидтер жері арқылы өтетіндіктен, олар керуен жолын уысынан шығармады. Сондықтан жібек өнімінің көп бөлігін өздеріне қалдырып, батыс елдеріне өздерінің белгілеген бағасы бойынша сатып отырды. Византиялықтар ирандықтардың жібектің бағасын жоғарылатуына қарсы болды, себебі Иранның күшеюі Византияға қауіп төндірді. 531 жылы Византия королі Юстиниан африкандық саудагерлерді делдал ролін өз қолдарына алуға көндіруді көздеу мақсатымен Эфиопиямен келіссөздер жүргізеді, дегенмен парсылардың үнді порттарындағы үстемдігі басым болғандықтан, эфиопиялықтар жібекті сатып алу монополиясын қолдарына ала алмай, 552 жылы жасалған бейбіт келісім бұрынғы сауда дәстүрін қайта қалпына келтірді.
Айта кететін жайт, Қазақстан аумағындағы тайпалар мен ежелгі мемлекеттер Жібек жолы бағытында орналасқандықтан, сауда жолының өркендеуіне ежелден бастап өзіндік үлес қосқан.
Шет жерлерден әкелінген жібек, жүн маталар көшпенділер тұрмысына өте көне заманда енген. Біздің жерімізді мекендеген ғұн тайпалары Қытайда шығарылған жібек, мақта маталарды сый ретінде, соғыстан төскен олжа және шаруашылық өнімдеріне айырбастап алған. Сырдариядағы Жетіасар қорғандарынан қызыл күрең жібек маталардың бөліктері табылған. Бұл Орта Азия территориясынан өткен Ұлы Жібек жолы керуенінің маталарын көптеген халықтар сатып алғандығын көрсетеді.
Жібек экспорты
Жібек матасының «отаны» саналған Қытай халқы әлі күнге дейін осы бір құны алтыннан кем саналмайтын мата түрін әлемге экспорттап келеді. Жібек-Қытайдағы дәстүрлі экспорт өнімі. Қазіргі уақытта Қытай әлемдегі ең ірі Жібек өндіруші және экспорттаушы болып табылады. Қытайдың барлық жібегінің 70% - ы экспортқа шығарылады. Шикі Жібек өндіру көлемі әлемдік өндірістің 70% -. және әлемдік экспорттың 85% -. құрайды. Шикі Жібек-бұл өңделмеген талшықтарға бөлінген Жібек кокондары. Жібек мата экспортының көлемі әлемдік экспорттың 40% - дан астамын құрайды.
Жібек тауарларының экспорты Қытай 2023 жылы 801 миллион долларды құрады. Қытай Жібекті қайда экспорттайды? Бұл сұраққа статистика былай дейді: 2023 жылы Қытайдан жібек тауарларын экспорттаудың негізгі бағыттары 19,8% үлесі бар Италия (159 миллион АҚШ доллары) 16,3% үлесі бар Үндістан (130 миллион АҚШ доллары) Вьетнам 7,02% үлесімен (56 миллион АҚШ доллары) Пәкістан 6,89% үлесімен (55 миллион АҚШ доллары) 6,63% үлесі бар Жапония (53 миллион АҚШ доллары) 5,68% үлесі бар Румыния (45 миллион АҚШ доллары) 3,5% үлесі бар Шри-Ланка (28 миллион АҚШ доллары) 3,47% үлесі бар Оңтүстік Корея (27 миллион АҚШ доллары) Гонконг 3,01% үлесімен (24 миллион АҚШ доллары) 2,84% үлесі бар Словения (22 миллион АҚШ доллары).
Қытай әлемдік Жібек саудасында жетекші рөл атқарады және бүкіл әлемде мінсіз беделге ие.