Жаңалықтар

Ұлы дала жорығы: Шабандоздар Астанадан Түркістанға жол тартты

Ұлы дала жорығы: Шабандоздар Астанадан Түркістанға жол тартты
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 06.09.2023 16:20 1114

1300 шақырымдық  марафон-бәйгеге шығатын сәйгүліктер мен шабандоздар Астананың іргесі, Мұқыр өзенінің бойындағы сары жазыққа жиналды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қатысушылар бұл марафонды 14 күнде басып өтеді. Алғашқы және соңғы күндері 50 шақырымнан жүрсе, қалған 12 күнде 100 шақырымнан еңсеріп отырмақ. Әр межелі қашықтықтың ортасында бақылау бекеттері болады. Командалар белгіленген стартқа мінетті түрде соғуы керек. Сол жерде атын суғарып, демалдырып, бел жазып, бой суытады.

Ұлы дала жорығы: Шабандоздар Астанадан Түркістанға жол тартты

Ұлы дала жорығы: Шабандоздар Астанадан Түркістанға жол тартты

Командалар қоржынға салынған асықты суырып, өзінің рет санын таңдады. 14:00-де бірінші болып Ұлытау облысы жорықты бастады. Ары қарай араға 2 минут салып басқа командалар аттанып отырды.

Ұлы дала жорығы: Шабандоздар Астанадан Түркістанға жол тартты

Әр командада 10 аттан бар. Бүгін бес тұлпардан жорықты бастады. 650 шақырымды еңсерген жорықтың сегізінші күні шабандоздар қалған 5 тұлпарды ауыстырып мінеді.

Ұлы дала жорығы: Шабандоздар Астанадан Түркістанға жол тартты

Жылқы мен қазақ тел ұғым. Ата-бабамыздан қанымызға дарыған ең мықты генімізді тұлпардың дүбірі оятары қақ. Сайын сахараны қазанаттың шабысы мен азаматтың қиқуы кернесе елдің рухы да асқақтары сөзсіз!

Бұл жорықтың халыққа берері мол. Қазақ даласында алғаш қолға үйретіліп, кемел өркениет жаратуға дәнекер болған жылқының асыл тұқымы да әспеттеледі. Еліміздің кең байтақ даласы, көрікті жерлері мен тарихи орындарды халықтың назарына іліп, отандық туризмды дамытуға септігін тигізбек.

Ұлы дала жорығы: Шабандоздар Астанадан Түркістанға жол тартты

Өткен жылға қарағанда биыл аттың да, азаматтардың да дайындығы ерекше. Бәсеке де қиян-кескі болмақ. Халықтың назары енді Астанадан аттанған жорық жолына ауады.

Ұлы дала жорығы: Шабандоздар Астанадан Түркістанға жол тартты

Елорданың іргесінен жалына ақ құйып аттандырған жүйріктер мен шабандоздар 2023 жылдың 19 қыркүйегінде Түркістан қаласында ақырғы мәреге жетпек.

Ұлы дала жорығы: Шабандоздар Астанадан Түркістанға жол тартты

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға