Жаңалықтар

"Ұлы дала жорығы-2023" аламаны келесі аптада басталады

"Ұлы дала жорығы-2023" аламаны келесі аптада басталады
Фото: Ашық дереккөзден 03.09.2023 11:27 1853
Биыл "Ұлы дала жорығы-2023" марафон-бәйгесі 6 қыркүйекте Астана іргесіндегі Қаражар ауылында басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Өткен жылы елімізде ұзақ қашықтықтарға арналған ат спортының мүлдем жаңа түрі – Жорық пайда болған еді. Қазақстанда тай-бәйге, құнан-бәйге, аламан бәйге, жорға бәйге секілді ат жарыстарының бірнеше түрі бары белгілі. Алайда олардың біреуі де Жорық сияқты ұзақ қашықтыққа арналмаған.
2022 жылы "Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесінің алғаш маусымы ойдағыдай өтті. Бұл оқиға ат спорты әлеміндегі нағыз жаңалық болды. Бірінші марафонның қашықтығы 1200 шақырымды құрады. Оның қашықтығы мен қиындығына қарамастан, 95 тұлпардың 26-сы ойдағыдай мәреге жетті, - деді "Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесінің ұйымдастыру комитеті.
Моңғолия елінде де осындай ат марафоны өткізіледі. Алайда онда ашықтық 1000 шақырымды құрайды. Бұл ретте әр 40 шақырым сайын жылқы ауыстырылып отыратынын ескерген жөн.
 
Қазақстандағы жағдайда марафон қашықтығының жартысы - 650 шақырымнан кейін бір рет қана ат ауыстырыу рұқсат етіліп отыр. Бұл тағы бір мәрте қазақтың жылқы тұқымдарының ерекше төзімділігін растайды. Биылғы маусымда қашықтық 1300 шақырымды құрайды. Шабандоздар Астанадан Түркістанға дейінгі бағытты 14 күн ішінде өтуге тиіс. Бұл міндетті аз уақыт ішінде орындап шығатын команда "Ұлы дала жорығы" марафон- бәйгесінің абсолютті жеңімпазы атанбақ.
 
"Ұлы дала жорығы – 2023" марафон-бәйгесінің маусымы 6 қыркүйекте сағат 14:00-де Қаражар (Ильинка) ауылында басталады.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға