Жаңалықтар

Ұлттық ұланның әскери қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Ұлттық ұланның әскери қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
Фото: baq.kz 13.03.2023 11:52 1215

ІІМ-де Түркия мен Сирияға гуманитарлық жүктерді тасымалдауға қатысқан Ұлттық ұланның әскери қызметкерлеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы ІІМ-нің апталық брифингінде Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

Президенттің жарлығымен Ұландық ұшқыштар жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды. 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында және Сирияның солтүстігінде  екі мәрте үлкен жер сілкінісі болды. 448 000-нан астам адам эвакуацияланды. 20 000-нан астам ғимараттың қираған орнында  іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. 45-тен астам мемлекет жапа шеккендерге қол ұшын созды. Апаттың салдарын жою үшін қаржылық көмек көрсетілді, деді Шұғыла Тұрлыбек. 

Еліміз де болған жағдайға бей-жай қарамай, апат аймағына құтқарушылар мен дәрігерлерді және авариялық-құтқару жабдықтарының 150-ге жуық түрлерін жіберген болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен осындай сын сағатта Ұлттық ұланның әскери қызметшілері де жер сілкінісі салдарын жою жұмыстарына қатысып, гуманитарлық жүктерді тасымалдады. Ұшқыштар Сирияға 4 рейс, Түркияға 4 рейс жасады, деді ведомство өкілі.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға