Жаңалықтар

Ұлттық ұланда 30-дан астам ұлт өкілдері қызмет етіп жүр

Ұлттық ұланда 30-дан астам ұлт өкілдері қызмет етіп жүр
Фото: Ұлттық ұланының баспасөз қызметі 01.05.2025 10:49 156

Бүгін көпұлтты еліміз бейбітшілік пен ұлтаралық толеранттылық мерекесі — Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының елордалық полкінде түрлі ұлт өкілдері қызмет етеді. Мереке қарсаңында олар қарулас достарына өздерінің мәдениеті мен дәстүрінің элементтерін тарту етті.

Құқықтық тәртіп әскерінде жыл сайын  татулық күніне орай "Бір шаңырақ астында", "Бірлік сабақтары", "Қазақстан — ортақ үйіміз" атты дәстүрлі акциялар өткізіледі. Бұл іс-шаралар еліміздің бай мәдени мұрасын көрсете отырып, әскери қызметшілер арасындағы ұлтаралық келісімді, патриотизм мен достықты нығайтуға ықпал етеді, - дейді 6636 әскери бөлімі командирінің орынбасары Нұрлан Башенов.

Айта кетейік, бүгінде Ұлттық ұлан қатарында отыздан астам ұлт өкілдері қызмет етуде. Олардың ішіндегі саны жағынан ең көбі  — орыс, өзбек және татар ұлтының өкілдері. Сондай-ақ, ұландық сарбаздар сапында эстондықтар, гректер мен камчадалдар да бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға