Жаңалықтар

Ұлттық ұлан сапында қанша қыз-келіншек еңбек етеді

Ұлттық ұлан сапында қанша қыз-келіншек еңбек етеді
Фото: ҚР ІІМ Ұлттық ұланның баспасөз қызметі 09.03.2025 06:34 289
Ұлттық ұланда 1500-ге жуық әйел әскери қызмет атқарып жүр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәліметінше, олардың ішінде 240-тан астамы қаржылық қамтамасыз ету саласында қызмет етеді.
Сондай-ақ, тағы 50-і байланыс қызметінде, 80-і маңызды мемлекеттік нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған, 50 әйел авиацияда қызмет атқарса, 53-і барлық әскери қызметшінің моральдық-психологиялық жағдайын бақылап отыр.
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ұлттық ұланның Бас қолбасшылық штабы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырған. 
Жылдағы дәстүр бойынша мереке күні әйел-әскери қызметшілер, ардагерлер мен өзара қарым-қатынастағы органдардың өкілдері Ішкі істер министрі мен министрдің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының атынан құрметке бөленді.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға