Жаңалықтар

Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты

Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты
Фото: Polisia.kz 23.12.2024 07:22 130

ІІМ Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты, – деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланына қарасты 6636 әскери бөліміне Қостанай және Ұлытау облыстарынан 55 сарбаз келіп қосылды. Болашақ Отан қорғаушылар алдымен бөлімнің командалық құрамымен және әскери бөлімнің тарихымен танысты.   

Ұлттық ұлан қатарына қош келдіңіздер! Бүгін сіздер Отанымызды қорғау мен қызмет ету жолында маңызды қадам жасайсыздар. Сіздер біздің әскери бөлімнің даңқты тарихының бір бөлшегіне айналдыңыздар. Біздің бөлім өзінің дәстүрлерімен және жоғары дайындық деңгейімен мақтана алады. Есте ұстаңыздар, Ұлттық ұланның әскери қызметшісі болу — бұл тек құрмет қана емес, үлкен жауапкершілік. Қызмет барысында сіздерге зор денсаулық, табандылық және күш-қайрат тілеймін! — деді 6636 әскери бөлімі командирінің орынбасары Бақтияр Әубәкіров.

Енді жас сарбаздар бір айлық курстан өтіп, негізгі оқу пәндерін меңгереді. Сабақтарды ең тәжірибелі және жоғары дайындыққа ие офицерлер мен келісім шарт қызметкерлері өткізеді.

Мен Отан алдындағы борышымды өтеу үшін Қостанай облысынан келдім. Отан қорғау әрбір Қазақстан азаматының борышы деп санаймын. Құқықтық тәртіп әскерінің әскери қызметшісі деген атақты абыроймен арқалауға тырысамын. Жыл тез өтеді, ең бастысы, ол пайдалы өтеді деп үміттенемін, — деді жас сарбаз Асылбек Төлепов.

Жас сарбаздар курстан өтіп, әскери ант қабылдаған соң ұландықтар әскери бөлімнің бөлімшелеріне бөлініп, Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының Бас қолбасшылғы мен әскери бөлімнің қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларын орындауға кіріседі. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға