Ұлттық тестілеу орталығының қызметіне заңсыз араласқандарға сот үкімі шықты

Фото: ҰТО
Фото: ҰТО
25.05.2024 10:17
643
Сәуір айында Орал қаласы сотының шешімімен Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны Қылмыстық кодекстің 206, 250 және 198-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін әрқайсысы 2 жыл 6 ай бас бостандығыннан айыру үкіміне кесілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰҚК-нің мәліметінше, олар коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылып отыр.
Үкім шығаруға ҰҚК-нің іс жүргізу материалдары негіз болды. Соған сәйкес сотталғандар 2021-2022 жылдары Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізуді және көшіруді жүзеге асырғаны анықталды.
Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Әсем Орынбай Париж ойындарында бақ сынайды