Жаңалықтар

Ұлттық тестілеу орталығы байқауға арналған сынақтарын іске қосты

Ұлттық тестілеу орталығы байқауға арналған сынақтарын іске қосты
Фото: Ашық дереккөзден 17.10.2023 22:17 832

Талапкерлер үшін ҰТО-ның сайтында онлайн тестілеуден өту мүмкіндігі берілетін болды, El.kz ақпарат агенттігі Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап. 

2024 жылғы ҰБТ-ға дайындыққа арналған байқау сынақтары іске қосылды. Байқау сынағынан www.app.testcenter.kz сайты арқылы өтуге болады.Ол үшін testcenter.kz сайтында тіркеліп, жеке кабинетіңізге кіріп, «Байқау сынағы» бөлімін таңдаңыз; Тестілеу мүмкіндігін сатып алу батырмасын басып, төлем жасаңыз. Байқау сынағының құны – 602 теңге,- деп жазылған хабарламада.

ҰБТ-ның жаңа форматына сәйкес бейіндік пәндердің сұрақтар саны артқан.Сондай-ақ, 40 тест тапсырмасынан тұрады. Атап өтсек, оларға сәйкестікті анықтауға арналған 5 жаңа типтегі тапсырма қосылып отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға