Ұлттық спорт күні: өңірлерде қандай іс-шаралар өтіп жатыр

Былтырдан бастап елімізде 20 наурыз – Ұлттық спорт күні ретінде кең көлемде аталып өте бастады. Туризм және спорт министрлігі Ұлттық спорт күнін мерекелеу аясында бүгін өңірлерде өтетін спорттық-бұқаралық іс-шаралар тізімін ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласы
Ұлттық спорт түрлерінен қойылымдар (қыз қуу, аударыспақ, садақ ату, тазы көрмесі, бүркіт көрмесі, ләңгі тебу, теңге ілу, атқа міну дәстүрі) – «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешені.
Ұлттық спорт түрлері бойынша турнир (тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту, қол күресі) – Паралимпиадалық жаттықтығу орталығы.
Шымкент қаласы
Көкпар жарысы – Жаңа Атшабар алаңы.
Атырау облысы
Ұлттық спорт және ұлттық ойындардан бұқаралық-спорттық іс-шаралар (қазақ күресі, асық ату және бес асық, тоғызқұмалақ) – И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы атындағы орталық алаң.
Жаппай көкпар жарысы – Мақат ауданы.
Жамбыл облысы
Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы – 2025» қалалық жарысы – Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз – Арена» спорт сарайы.
Садақ атудан қалалық ашық турнир – Құмшағал алқабындағы спорт кешені.
Бұқаралық спорт түрлерінен жарыстар – Тараз қаласы, орталық алаң.
Қарағанды қаласы
Мемлекеттік қызметкерлер арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар – Қ.Нұржанов атындағы жеңіл атлетикалық манеж.
Қостанай облысы
Дәстүрлі садақ ату және жамбы атудан «Мергендер лигасы» – Заречный ауданы, жабық «Ат-манежі».
Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат – Заречный ауданы, Sport Life ДШСК.
Жетісу облысы
Ұлттық ат спорты түрлерінен жастар арасындағы чемпионат – Талдықорған қаласы, орталық ипподром.
Батыс Қазақстан облысы
«Бабалар ізімен» ұлттық спорт түрлерінен облыстық лига – Орал қаласы, «Орал» спорт клубы.
Қызылорда облысы
Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар (қазақ күресі, қол күресі, асық ату, дәстүрлі садақ ату, ләңгі тебу, тоғызқұмалақ, арқан тарту) – Қызылорда қаласы, орталық ипподром.
Ақмола облысы
Ұлттық тазы тұқымының жүгіру жарысы – Красный Яр ауылы, «Құлагер» атшабары.
Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар – Красный Яр ауылы, «Құлагер» атшабары.
Ақтөбе облысы
Ұлттық спорт түрлерінен жарыс (қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тартыс, садақ ату, ләңгі тебу) – Ақтөбе қаласы.
Шығыс Қазақстан облысы
Қазақы ит тұқымдары арасында ШҚО біріншілігі – Зайсан қаласы.
Маңғыстау облысы
Ұлттық спорт түрлерінен жарыс (дәстүрлі садақ ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, асық ату және бес тас) – Ақтау қаласы, «Теннис орталығы».
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбы ату, аударыспақ, бәйгеден ашық біріншілік – Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, «Құлагер» атшабары.
Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар – Петропавл қаласы және барлық аудандар.
Павлодар облысы
Ұлттық спорт түрлерінен жарыс (қазақ күресі, арқан тартыс, қошқар көтеру, армрестлинг, гір көтеру, тоғызқұмалақ, шахмат, асық ату, бес асық, еркін күрес, көкпар, қызықты мәре) – Павлодар облысы.
