Жаңалықтар

Ұлттық сараптама орталығынан заңбұзушылықтар анықталды

Сертификаттарды кері қайтарып алуға бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді
Ұлттық сараптама орталығынан заңбұзушылықтар анықталды
Фото: gov.kz 02.12.2022 16:52 1478

Қараша айында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ БҚФ қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Профилактикалық бақылау барысында "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" ҚР Заңын 3 бірлік өлшем құралдарын салыстырып тексерусіз пайдаланған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің «Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларын және өлшеу құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатының нысанынын бекіту туралы»  2018 жылғы 27 желтоқсандағы №934 бұйрығымен бекітілген талаптарды бұза отырып, салыстырып тексеру туралы 2 сертификат берілген", - делінген хабарламада.

Бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша 3 дана өлшем құралдарын салыстырып тексеруден өткізу, сондай-ақ салыстырып тексеру туралы 2 сертификатты кері қайтарып алуға бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Сондай-ақ "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы", "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы", "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының аккредиттеу саласындағы сәйкестікті бағалау туралы заңнамасын, сәйкестікті растау және (немесе) бағалау рәсімдерін, техникалық регламенттерде, нормативтік құқықтық актілерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген өлшеу құралдарын тексеру кезінде талаптарын  бұзғаны үшін  әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы түсіндірілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға