Жаңалықтар

Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы бекітілмек

Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы бекітілмек
Фото: gov.kz 12.05.2023 18:10 852

Ұлттық статистика бюросы "Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдері" туралы бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Ұлттық санақтар халық санағы мен ауыл шаруашылығы санағын қамтиды.

Ұлттық санақ дайындық, негізгі және қорытынды кезеңдерді қамтиды. Дайындық кезеңіне 2 жыл уақыт беріледі.

Ауыл шаруашылығы санағы – он жылда бір реттен кем емес, ал халық санағы әлемдік санақтардың кезекті раундына орайластырылған мерзімдерде жүргізіледі. Уәкілетті органның ұсынысы бойынша санақтарды жүргізу мерзімдері мен ерекшеліктерін, оның ішінде санақтың қанша уақыт өткізілетінін көрсете отырып, ұлттық санақтарды жүргізу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды. Ұлттық санақтарды жүргізу кезінде алынған алғашқы статистикалық деректерді уәкілетті орган өңдейді, - делінген мәліметте.

Санақта алынған алғашқы статистикалық деректер ұлттық санақтың қорытындысы ресми жарияланған сәттен бастап кемінде бір жыл қағаз түрінде сақталады. Алғашқы статистикалық деректері бар электронды форматта кемінде елу жыл сақталады.

Ұлттық санақтардың қорытындылары онлайн ресурстар мен басылымдарда ресми жариялануы тиіс.

Ұлттық санақтар мына тәртіппен жүргізіледі: планшет немесе қағазды пайдаланумен, статистикалық тіркелімдер немесе әкімшілік деректер негізінде санақ парақтарын толтырусыз немесе алдын ала толтырумен сұхбат жүргізушінің респондентке сауал жүргізуі арқылы санақ парақтарын толтыруы; статистикалық тіркелімдер немесе әкімшілік деректер негізінде санақ парақтарын толтырусыз немесе алдын ала толтырумен, онлайн режимде интернет желісі арқылы электрондық түрде респонденттердің санақ парақтарын толтыруы арқылы жүргізіледі, - делінген жобада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға