Ұлттық қорғаныс университетінде Корея Республикасының Елшісі дәріс оқыды
![Ұлттық қорғаныс университетінде Корея Республикасының Елшісі дәріс оқыды Ұлттық қорғаныс университетінде Корея Республикасының Елшісі дәріс оқыды](/storage/storage/element/2024/11/29/mainphoto/131945/1200xauto_Rg5ypYx95kmnyaH9srVWbQVewpgDWe7F4wqnYrgt.jpg)
Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттарының Корея Республикасы дипломатиялық ведомствосының өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Делегация құрамында Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-ик және әскери атташе өкілдері бар. Келіссөздер барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков шетелдік қонақтарға оқу-материалдық база, ЖОО бағдарламалары және білім беру мекемесінің ғылыми-зерттеу қызметінің бағыттары жайлы баяндады.
Корея Республикасының Елшісі Чжо Тэ-ик университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттарына Корей түбегі мен Солтүстік-Шығыс Азияның қауіпсіздігі тақырыбында дәріс оқыды.
Іс-шара екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы 2024 жылға арналған ынтымақтастық жоспарына сәйкес өтті.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)