Жаңалықтар

Ұлттық қордағы валюталық активтердің көлемі қалай өзгерді

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары айтты
Ұлттық қордағы валюталық активтердің көлемі қалай өзгерді
Фото: elorda.info 09.02.2023 14:58 1200

Ұлттық қордағы валюталық активтердің көлемі алдын ала берілген деректерге сәйкес, өткен айда 1,9 млрд АҚШ долларына ұлғайып, қаңтар аяғында 57,6 млрд долларды құрады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Әлемдегі қор нарықтары 2023 жылды оптимизммен бастады. Нәтижесінде тәуекел-дәрежесінің артуы акциялар мен облигациялардың өсуіне, сондай-ақ алтын бағасының айтарлықтай ұлғаюына әсер етті. Нәтижесінде Ұлттық қордың инвестициялық кірісі қаңтарда 1,8 млрд АҚШ долларын құрады. Активтердің өсуіне ықпал еткен қосымша фактор – Ұлттық қорға түскен түсімдер саналады. Мәселен, қаңтарда қорға түскен валюталық түсімдер 329 млн АҚШ долларын көрсетті. Бұл ретте өткен айда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт түрінде 235 млрд теңге аударылды. Осы мақсатта ішкі валюта нарығында 228 млн АҚШ доллары сатылды. Трансферт үшін қаражаттың негізгі бөлігі қорға теңгелік түсімдер есебінен бөлінді», - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға