Жаңалықтар

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қару сатумен айналысқан 23 адамды ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қару сатумен айналысқан 23 адамды ұстады
Фото: ҰҚК 12.04.2023 15:07 1522

ҰҚК Қазақстан Республикасы ІІМ-мен бірлесіп екі ведомствоның арнайы мақсаттағы бөлімшелерін тарта отырып, ірі ауқымда заңсыз қару айналымымен айналысқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі комитетке сілтеме жасап.

Қылмыстық схеманың қатысушылары оқсыз атылатын, жарақаттайтын, белгі беретін және өзге де өлімге алып келмейтін қаруды кейіннен «қара» нарықта өткізу үшін жауынгерлікке қайта жасаумен айналысқан.

Арнайы операция Астана, Алматы қалаларында және Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында бір мезгілде жүргізілді. Нәтижесінде қылмыстық схемаға қатысы бар деген күдікпен 23 адам ұсталды. 32 автомат, 88 тапанша, 37 мылтық (барлығы 157 бірлік қару), 9 граната және әртүрлі калибрлі 27390 оқ-дәрі алынды. Қару мен оқ-дәрілер жасауға арналған арнайы жабдықтары мен жинақтары бар 7 қолдан жасалған цехтың жасырын әрекеті жойылды. Ұстау алдында ұзақ жете тексеру жүргізіліп, оның барысында әртүрлі калибрлі ұрыс патрондары мен оқ-дәрілерге келтіріліп қолдан жасалған «Калашников» автоматын, үш тапаншаны жедел сатып алу жүзеге асырылды, - делінген хабарламада.

2023 жылдың ақпанында ҰҚК Ақтөбе облысында ұйымдастырушылары аталған қылмыстық топпен байланысы бар қаруды қолдан жасаумен айналысқан шеберхананың жұмысын тоқтатқанын айта кету керек.

Жедел жолмен қылмыстық схеманың барлық тізбегі ашылды. Қаруды өткізу тәсілдері, соның ішінде «Darkshop» деп аталатын Интернеттің көлеңкелі сегментіндегі сауда алаңдары анықталды. Топ мүшелері құпиялылық пен қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтаған, әрқайсысының рөлі мұқият бөлініп берілген (жасаушылар, сатушылар, делдалдар).

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заңсыз қару сату және сатып алуға қатысы бар басқа да адамдарды анықтау бойынша жұмыс жалғасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға