Жаңалықтар

Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығына жаңа басшы келді

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті
Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығына жаңа басшы келді
Фото: ncste.kz 09.12.2022 15:22 2230

2022 жылғы 9 желтоқсанда Арман Қайырберліұлы Қашқынбеков «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының экс-президенті Әділ Жүнісұлы Ибраевтың еліміздегі ғылымды дамытудағы сіңірген зор еңбегін атап өтіп, кәсіби қызметі үшін алғыс айтты.

«Әділ Жүнісұлы орталықты 2013 жылдан бастап басқарды және осы уақыт ішінде отандық ғылым саласына баға жетпес үлес қосты. Атқарған жұмысыңыз үшін алғыс білдіремін және кәсіби мансабыңызға сәттілік тілеймін», – деп атап өтті министр.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Заки ҰМҒТСО ұжымына жаңа басшыны таныстырып, маңызды қызметте табыс тіледі.

Арман Қашқынбеков 1977 жылы дүниеге келген. 1998 жылы Е.Бөкетов  атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Сол жылы ол «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Вандербилт университетіне магистратураға түсті.

Арман Қайырберліұлы 1998 жылы АҚШ-тың Вандербилт университетінде еңбек жолын бастап, онда 2000 жылға дейін ғылыми қызметкер және медиа талдаушы болып жұмыс істеді.

2000 жылдан 2019 жылға дейін квазимемлекеттік, ұлттық компанияларда басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

2019-2020 жылдары «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып еңбек етті.

2020-2021 жылдары БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты даму жөніндегі басшысы болды.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Халықаралық қар барысы қорының директоры қызметін атқарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға