Жаңалықтар

Ұлттық LLM үшін қор жинау мақсатындағы кездесу өтті

Ұлттық LLM үшін қор жинау мақсатындағы кездесу өтті
Фото: «Тіл-Қазына» орталығы 12.01.2024 13:28 1467

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Мақпал Жұмабай ұлттық академиялық кітапханасы басшылығымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында, жасанды интеллект сынды жаңа бағыттағы кешенді жұмыстарды өзара әріптестікпен бірлесе атқару, ауқымды тіл моделі ұлттық LLM жасау жобасына ұзақ жылдар қалыптасқан кітапхана қорын тарту мәселелерін талқылады. «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Мақпал Жұмабай орталықтың цифрлы жобаларын таныстырып, көзі нашар көретін адамдарға арналған экрандық диктор жобасын  кітапхана жұмысына пайдалануға ұсыныс берді. 

Ұлттық LLM үшін қор жинау мақсатындағы кездесу өтті

Әріптестік кездесуде қазақ тіліндегі мол әдеби-ғылыми мұра жинақталған ҚР ұлттық академиялық кітапхана қорын ауқымды тіл модельдерін оқыту үшін пайдалану бойынша ой-жоспар талқыланды. Кездесу соңында “Ұлттық ауқымды тіл моделін  (LLM) құру - қазақ тілінің болашағы. Қазақ тілінің дата қоры үшін кітапхана және архив базасы аса маңызды, – деді «Тіл-Қазына» орталығының бас директоры Мақпал Жұмабай.

Оқи отырыңыз: 

Кітапхананың инклюзивтілігін арттыру, баршаға қолжетімді еткізу - біздің басты міндетіміздің бірі - деді академиялық кітапхана басшысы Ғазиза Құдайбергенқызы.

Екі мекеме алдағы уақытта  бірлескен инклюзивті жобалар жасауға уағдаласты. Әріптестік кездесуде қазақ тіліндегі жасанды интеллекті дамытту қадамдары мен осы бағыттағы нақты ізденістер ортаға салынды. Мол мәдени мұрамызды цифрландыру мақсатында әр тараптан атқарылып жатқан жұмыстарды жүйелеп, ұлттық стратегиялық бағытқа жұмылдыру міндеті алға қойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға